1-қыркүйек Білім күні
№ 2

1-қыркүйек Білім күні

1 қыркүйек – Білім күніне орай кітапханада ұйымдастырылған іс-шара оқырмандарды білімге, кітап оқуға және рухани дамуға баулу мақсатында өткізілді. Мерекеге байланысты кітапхана кеңістігінде арнайы кітап көрмесі безендіріліп, онда әртүрлі саладағы танымдық, көркем және оқу әдебиеттері ұсынылды. 2 қыркүйек күні кітапханашы оқырмандарға арналған көрнекіліктер мен таныстыру жұмыстарын өткізді. Шара барысында жаңа кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны мен маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, келушілерге кітапхананы пайдалану ережелері, кітап таңдау жолдары және оқу мәдениеті туралы ақпарат берілді. Аталған іс-шаралар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың білімге деген ынтасын дамытуға, сондай-ақ кітапхананың қоғамдық-мәдени орталық ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етті

Офлайн кітап