15 қараша – Ұлттық валюта күні «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге»
№ 7
15 қараша – Ұлттық валюта күні «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге»
15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге» атты интеллектуалды ойын 17 қараша күні кітапханада өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға ұлттық валютаның тарихы мен маңызын таныстыру, қаржылық сауаттылықты арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Ойын барысында қатысушылар теңгенің пайда болу тарихы, оның ерекшеліктері мен қорғаныс белгілері туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар, түрлі танымдық тапсырмалар мен қызықты сұрақ-жауап кезеңдері ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері ұлттық валютаға арналған кітап көрмесін ұсынып, оқырмандарға қосымша ақпарат берді. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ойын тартымды әрі мазмұнды өтті.
Офлайн кітап