«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» С Бегалиннің 130 жылдығы
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» С Бегалиннің 130 жылдығы
2025 2 желтоқсан күні «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Сапарғали Бегалинның 130 жылдығына арналған іс-шара кітапханада өткізілді. Шараның мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, балалар әдебиетіне қосқан үлесін таныстыру және жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру болды. Іс-шара барысында қатысушыларға Сапарғали Бегалиннің өмір жолы, шығармалары және оның балалар әдебиетін дамытудағы рөлі туралы мәліметтер берілді. Жазушының шығармаларынан үзінділер оқылып, олардың мазмұны талқыланды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға қаламгердің еңбектері таныстырылды. Шара соңында оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, балалар әдебиетінің маңыздылығын түсініп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.