«Bookcrossing» өзің оқы басқаларда оқысын кітап көрмесін жасау
№ 13
«Bookcrossing» өзің оқы басқаларда оқысын кітап көрмесін жасау
«Bookcrossing – өзің оқы, басқалар да оқысын» атты кітап көрмесі 12 қаңтар күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Көрме барысында әртүрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, оқырмандар өздері оқыған кітаптарын ортаға қойып, басқа қатысушылармен алмасты. Бұл шара кітаптың өмірін ұзартуға және оны көпшілікке қолжетімді етуге бағытталды. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, жаңа кітаптармен танысты. Кітап көрмесі оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқудың маңыздылығын түсіндіруге ықпал етті.
Офлайн кітап