Ертегілер еліне саяхат
№ 9

Ертегілер еліне саяхат

28 қараша күні кітапханада «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандарды ертегілер әлемімен таныстыру, олардың қиялын дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Шара барысында балаларға түрлі халық және әлем ертегілері таныстырылып, ертегі кейіпкерлері туралы қызықты мәліметтер айтылды. Қатысушылар ертегілерден үзінділер оқып, сұрақ-жауап ойындарына қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерін сомдап, шағын көріністер қойылды. Кітапхана қызметкерлері ертегілерге арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға жаңа кітаптарды таныстырды. Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, балаларға ерекше әсер қалдырды.

Офлайн кітап