Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
№ 17
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік іс-шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізілді. Іс-шараның мақсаты – аналар мен әйелдерге құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және ізгілік пен сыйластықты насихаттау. Шара барысында аналарға арналған өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Сонымен қатар, әйел-аналардың еңбегі мен өмірдегі орны туралы тағылымды әңгімелер айтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, аналарға деген жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара мерекелік көңіл-күй сыйлап, әйелдерге деген құрметті арттыруға ықпал етті.
Офлайн кітап