«Ұлы бабалар тағылымы» 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
№ 14
«Ұлы бабалар тағылымы» 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
«Ұлы бабалар тағылымы» атты іс-шара 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-бабаларымыздың ерлігі мен өнегесін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға қазақ халқының тарихы, тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері таныстырылды. Қатысушылар өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
Офлайн кітап