Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы
№ 8

Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы

Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған іс-шара кітапханада өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Іс-шара барысында қатысушыларға Міржақып Дулатұлының өмір жолы, қоғамдық қызметі және әдеби мұрасы туралы кеңінен мәлімет берілді. Ақынның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылып, олардың тәрбиелік мәні талқыланды. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға жазушының еңбектері таныстырылды. Шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұлт зиялысының мұрасын құрметтеу мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Офлайн кітап