Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы
Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы
Кітапханада «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының біртуар перзенті, даңқты қолбасшы, батыр, жазушы Бауыржан Момышұлы өмірі мен ерлігін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында қатысушыларға батырдың өмір жолы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, оның нақыл сөздері мен шығармаларынан үзінділер оқылып, көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде батырдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер таныстырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, патриоттық рухтағы сұрақ-жауап бөлімі өткізілді. Іс-шара жас оқырмандардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.