Әзіл клубы (Жайдарман)

"Жайдарман" клубы-тапқырлықты, шешендікті және оқушылардың сахнада сенімді ұстану қабілетін дамытуға бағытталған шығармашылық бірлестік. Бұл клубта балалар командада жұмыс істеуге, әзіл мен сатира арқылы өз ойларын білдіруге үйренеді. Сабақ барысында қатысушылар сценарийлер жазады, рөлдерді бөледі және сахналық қойылымдарды дайындайды. Олар әр түрлі өмірлік жағдайларды әзілмен бейнелейді, көрермендерді ойлануға шақырады. Бұл балалардың актерлік шеберлігін дамытып қана қоймай, олардың логикалық ойлауы мен жылдам реакциясын жақсартады.

Жазылу немесе сұрақтар бойынша:

Мектеп әкімшілігіне немесе үйірме жетекшісіне хабарлассаңыз болады.

Хабарлама қалдыру